Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлауды өмір салтына айналдырған. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Қарияның бір ауыз ақылы, өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар. Сондықтан бұл күн бізге қарттарға құрметтің тек мерекелік ресмилік емес, күнделікті өмірлік дәстүр болуы тиіс екенін еске салады.

Бүгінде Қазақстанда зейнеткерлер үшін түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елордада ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары», өңірлерде қолға алынған клубтар мен секциялар қариялардың бос уақытын тиімді өткізуге, денсаулығын нығайтуға, қоғаммен араласуына мүмкіндік беріп отыр. Мұндай жобалар олардың өмірге деген құштарлығын арттырып, әлеуметтік оқшауланудан сақтайды.

Алайда қарттарға жасалатын ең үлкен көмек – тек мемлекеттік қолдау емес, отбасының жылуы. Немере сүйіп, балаларымен бірге болу, шаңырақтағы сыйластық – олар үшін ешбір әлеуметтік жеңілдікпен салыстыруға келмейтін бақыт.

Халықаралық қарттар күні – әрқайсымызға ата-әжелеріміздің алдындағы парызымызды еске салар күн. Бүгін ғана емес, әр күні қарттарымызға көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жүрейік. Өйткені бүгінгі қарт – кешегі жас, ал ертеңгі күннің қарты – бүгінгі біз.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.