Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 054  шетел азаматы жұмыс істейді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Оларда 341 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл — қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.

Шетелдіктер көбіне қай салада жұмыс істейді?

  • құрылыс саласында — 4 929 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы — 3 140 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 1 240 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі — 1 122 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 5 545 адам,
  • Өзбекстан – 2 696 адам,
  • Түркия – 1 076 адам,
  • Үндістан – 1 052 адам.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.