Қазақстандықтар көбіне қай елге көшіп кетіп жатыр?

Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биылғы II тоқсанда көші-қон сальдосы +7,7 мың адам болған.

«Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам кеткен. Көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытайға тиесілі. Сонымен қатар, білікті кадрлардың кету үрдісі әлі де сақталып отыр. Қазақстан азаматтары негізінен Ресейге (8,7 мың адам), Германияға (2 мың адам) кетеді», – деді ол.

Дегенмен, министрлік мәліметінше, 2023 жылдан бастап шетелге жұмыс істеу мақсатында кететін Қазақстан азаматтарының саны төмендеген.

«Биылғы бірінші жартыжылдық бойынша шетелде жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының саны — 126 531 адам. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресей Федерациясында (102 460 адам), Корея Республикасында (15 790 адам), БАӘ-де (2 997 адам), Ұлыбританияда (1 912 адам) еңбек етіп жүр», — деді ведомство өкілі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.