Соттың жеке ұйғарымдарын орындау

Сот отырысында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдарға жіберуге құқылы, олар өздері қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 270-бабы соттың жеке ұйғарымына арналған. Заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. 

Қолданған шаралар туралы хабарламау өздеріне жеке ұйғарым жіберілген тұлғалардың сотты құрметтемегені үшін осы Кодекстің 119 және 120-баптарының талаптарына сәйкес әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті тұлғаларды соттың жеке ұйғарымы бойынша қолданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды. 
Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа да қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де тұлғаның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапса, ол бұл туралы прокурорға хабарлайды. 

Жеке ұйғарымға мүдделерiне оның қатысы бар тұлғалар осы Кодекстiң 429-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген тәртiппен жеке шағым беруі және прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. 

Қабылданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті адамдарды соттың жеке ұйғарымы бойынша қабылданған шаралартуралы хабарлау міндетінен босатпайды. Егер істі қарау сот тараптардың, процеске басқа қатысушылардың, лауазымдынемесе өзге де адамдардың әрекетінен қылмыс белгілерін тапса, ол туралы прокурорға хабарлайды.

АПК-нің 270-бабының нормасы жеке ұйғарымды орындалу міндетті дейді. Әкімшілік органдардың соттың жеке ұйғарымдарына тиісінше ден қою және алдағы уақытта да осындай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында оларды нақты орындау мәселесі де маңызды болып табылады.

Жеке ұйғарымға іліккен әкімшілік органдар оларды орындау үшін қажетті шаралар қабылдамайды, олардың жауаптары сот анықтаған бұзушылықтарды танығаны және оларды жою жөнінде шаралар қабылдағанын айғақтайды.

Д.Б. Джумагалиева, Ұлытау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот әкімшiсiнiн басшы

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...