“Реал Мадрид“ Алматыға келді: футболшыларды мыңнан аса жанкүйер қарсы алды

Мадридтік «Реал» футболшылары Алматы әуежайына қонды. 30 қыркүйекте олар алматылық «Қайратпен» Чемпиондар лигасындағы ойынын өткізеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Футбол жанкүйерлері әуежайға ұшақ қонғанға дейін жиналып үлгерген. Футболшылар ұшақтан түсіп, қонақүйге беттеді. Олар бірнеше ақ автобусқа мінді.

Жанкүйерлер әуежай мен спортшылар тұрақтайтын қонақүйдің алдында жиналып тұр. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир ашып, әсерін бөлісіп жатыр. 

Әуежай ғимараты мен оның маңы полицияның қатаң бақылауында. 

Бұған дейін мадридтік «Реал» «Қайратқа» қарсы ойнайтын құрам тізімін жариялаған болатын. Осы ұшақпен бірге «Реал Мадрид» жанкүйерлері де ұшып келді.

Айта кетейік, Алматыға Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао келмеді. Олар жарақат алған ойыншылар тізімінде.

Еске салайық, биылғы маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып отыр. Алматы командасының елдегі алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік «Реалға» қарсы өтеді.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.