12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Торайғыров Университеті және Қазақстан криминологиялық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дербес деректерді қорғау: Қазіргі Қазақстандық қоғамның цифрлық трансформация дәуірі» Халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтті.

Әлем қарқынды өзгеруде: цифрландыру адамның өмірінің барлық саласын қамтып отыр – банк қызметтерінен бастап білім беру мен денсаулық сақтауға, күнделікті қарым-қатынасқа дейін. Жаңа мүмкіндіктермен қатар тәуекелдер де артуда: жеке деректерді қорғау заманауи кезеңнің ең өзекті мәселелерінің біріне айналды.

Осыған байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көпжылдық ғылыми дәстүрлері мен халықаралық ынтымақтастығына сүйене отырып, заңгерлерді, киберқауіпсіздік мамандарын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйым өкілдерін біріктірген сараптамалық диалогқа: Қазақстан криминологиялық қауымдастығының Құрметті Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Иванович Рогов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің мүшесі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Шакарапұлы Жалаири,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Уәлихан Ақыбекұлы Ахатов,Торайғыров университеті» КЕАҚ Экономика және құқық факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Юрий Юрьевич Колесников,Торайғыров университеті» КЕАҚ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.) Серік Қожанұлы Жетпісов, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Сібір басқару институты – филиалының (Ресей Федерациясы, Новосібір қ.) заң ғылымдарының кандидаты, доцент Елена Анатольевна Дорожинская, Зелена-Гура университетінің Құқықтану институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, Зелена-Гура университетінің конституциялық, еуропалық және халықаралық жария құқығы кафедрасының профессоры (Польша, Зелена-Гура қ.) Анджей Биштыга, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Рима Еренатқызы Джансараева,Нархоз» университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.) Гүлнар Айтжанқызы Әлібаева,Қырғыз ұлттық университетінің (Б. Баласагин атындағы) «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.) Назира Эшмухамедқызы Абдукаримова,Өзбекстан Республикасы ІІМ Академиясының мемлекеттік-құқықтық ғылымдар және адам құқықтарын қамтамасыз ету кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) Гүлчехра Абдусаматовна Маткаримова қатысып, жеке деректерді қорғаудың құқықтық, этикалық және техникалық аспектілерін талқылауға арналған ашық сараптамалық алаң құру, халықаралық тәжірибемен алмасу және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған   маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Бұл жиында:

  • цифрландыру жағдайында жеке деректерді қорғаудың құқықтық негіздері;
  • құпиялылықты қамтамасыз етудегі халықаралық стандарттар мен тәжірибе;
  • цифрлық қауіпсіздік саласында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы;
  • технологиялық шешімдер және жеке ақпараттың киберқауіпсіздігі;
  • цифрлық дәуірдегі этика мен адам құқықтары сынды мәселелерге мән берілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тағы да елдің жетекші ғылыми-білім беру орталығы әрі заманауи сын-қатерлерді талқылауға арналған ашық алаң ретіндегі мәртебесін растады. Халықаралық форматтағы конференцияның арқасында Алматыда танымал сарапшылар, ғалымдар мен тәжірибелі мамандар бас қосып, озық білім алмасумен қатар азаматтардың цифрлық кеңістіктегі мүдделерін қорғауға бағытталған практикалық қадамдар қабылдауға мүмкіндік туды.

Осылайша, конференция тек академиялық шара ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның цифрлық қауіпсіздігінің болашағын жаһандық трансформациялар аясында айқындайтын маңызды оқиғаға айналды.

Конференция соңында криминологиялық ғылымның дамытуға құқықтық тәртіпті нығайтуға және Қазақстан Криминологиялық Қауымдастығының қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін «ҚАЗАҚСТАН КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ 25 ЖЫЛ» төс белгісімен бірқатар ғалымдар марапатталды.

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...

Почему мы перестали читать?

ГДЕ-ТО В ДАЛЕКИХ 90-Х ГАЗЕТНЫЕ ЗАМЕТКИ БЫЛИ НЕ ПРОСТО...

Прогресс и правовая культура

Внедрение в Восточно-Казахстанской области информационной системы «Единый государственный кадастр...

Общественная безопасность и личные свободы

Современное общество находится в постоянном поиске баланса между двумя...