Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр

Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Трамвайлар қай бағытта жүретіні де айтылды.

«Трамвай «Барлықтан» бастап Төле би көшесі бойымен жүреді. Бұрынғы жолында. Оны әуежайға дейін созамыз, осылайша батыс пен шығысты байланыстырамыз. Біздің мақсатымыз — адамдардың 20 минут ішінде жүріп-тұруына мүмкіндік жасау. Бұл — әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім», — деді ол.

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

«EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) болса, бес жыл ішінде трамвайды іске қоса аламыз. Құрылыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым қымбат болады, сондықтан инвесторларды тарту үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Айта кетейік, Алматыда трамвайлар 2015 жылы бірқатар апаттан кейін жүрмей қалды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.