Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлем бөлінеді

Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлем бөлінеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біржолғы төлем мөлшері — екі жарым айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 9830 теңге. Бұл көмек жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлерге, оның ішінде ең төмен зейнетақы алатын және елордада тіркелген қарттарға беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сүйенсек, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады.

Айта кетейік, Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.