Елімізде ет сатуға қатысты бақылау күшейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Сауда орындарына жүргізілген үш күндік рейд барысында фермерлер көтерме саудада өз өнімдерінің келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталған.

Сонымен қатар, делдалдар аз уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болған.

«Бір жерден 3 200 теңгеден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден тапсыратын жайттар кездесті. Бір сағат ішінде бір келіден 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Cауда министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деді Айдарбек Сапаров.

Еске cалайық, бұған дейін Қазақстанда сиыр еті бойынша жедел желі іске қосылғаны хабарланды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.