Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекетте Конституциялық заңдылықты сақтау деңгейінде сапалы қызмет ету. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен талап арыздардың қаралып, сот шешімдерінің орындалуы да басты назарда.
Қазіргі заманда шырқы бұзылған отбасылар жетіп артылады. Ол жерде кімнің кінәлі, кімнің кінәлі есемес екенін анықтап жатады. Ал түпкілікті қарасақ, оған жол бермей, алдын алуға әбден болады. Отбасындағы ері мен әйелінің бір –біріне сыйластығы тепе –теңдікті ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сыйластық кикілжіңді ашусыз шешуге жол береді.
Сотқа жүгінген талап арыздар бойынша сот жүйесінде «бітімгершілікке» келіп, тараптардың татулықпен шешуіне мүмкіндік беріледі.
Сотқа жүктелер жауаптылық жоғары. Сондықтан судьялар сот ісін жүргізуде дауларды бейбіт жолмен реттеудегі жұмыстарының жемісін беріп жатқандығы да, сот шешімдерінің орындалуына оң нәтижесін беруде.
Қазақстан Республикасы Президенті, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интелект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында: ««Заң және тәртіп» -мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл –ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез –келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным» дегендей, профилактикалық алдын алу жұмыстары да көптеп өткізілуде. Сонымен қатар Жолдаудағы: «Мәдениет пен тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет» деп айтылғандай бағытты ұстансақ талап арыз берушілер саны да азаяр еді.
Маңғыстау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
сот әкімшісінің басшысы А. Нұрболатқызы