12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тағы үш ел Палестинаның тәуелсіздігін мойындады — БАҚ

Канада, Аустралия және Ұлыбритания үкіметтері Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Палестинаны мойындау туралы Канада премьер-министрі Марк Карни мәлімдеді.

Австралияда премьер-министр Энтони Альбанезе Палестинаны «тәуелсіз және егемен» мемлекет деп ресми түрде танығанын хабарлады.

«Бүгіннен бастап, 2025 жылғы 21 қыркүйек, жексенбі күнінен бастап, Аустралия Одағы Палестинаны тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде ресми түрде мойындады», – делінген премьер-министрдің мәлімдемесінде.

Палестинаны Ұлыбритания да мойындаған. Бұл шешім Газадағы гуманитарлық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қабылданған. Шілдеде Стармер үкімет Израиль бірқатар шартты орындамаса, бұл қадамға баратынын айтқан: зорлық-зомбылықты тоқтату, ұзақ мерзімді бейбітшілікке келу, БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жеткізуін қайта бастауға рұқсат беру және Батыс жағалауды аннексиядан бас тарту.

193 елдің 147-і Палестинаны мойындаған, үш мемлекет солардың қатарына қосылады. Бұл шешім 22 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясынан бұрын қабылданған. Франция да осындай қадам жасауға ниетті.

Еске салайық, кеше Португалия Палестинаны мемлекет ретінде мойындаған еді.

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.