ДДСҰ дабыл қағуда: Эбола дертінен қайтыс болғандар екі есе артты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Демократиялық Конго Республикасында Эбола безгегінің жаңа өршуі салдарынан қайтыс болғандар санының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ауру жұқтырудың расталған 38 жағдайының 31-і өліммен аяқталған.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар саны екі есеге жуық артқан. Яғни, 16-дан 31 адамға дейін. ДДСҰ вирус қарқынды таралып жатқанын атап өтті. 900-ден астам байланыста болған адам анықталған. Індет таралған өңірде вакцинация басталды. 500-ден астам медицина қызметкері мен науқастармен байланыста болған адамдарға екпе салынды.

Эболаның жаңа өршуі 5 қыркүйекте елдің оңтүстігіндегі Анголамен шекаралас Касаи аймағындағы Булапе елді мекенінде тіркелген.

Африка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегінше, ауру екі ауданнан асып, төрт ауданға таралған.

ДДСҰ мәлімдеуінше, қосымша вакцина партиялары алдағы күндері жеткізіле бастайды, бірақ бұл үдеріс логистикалық қиындықтар мен індет ошағында қоймалардың жетіспеушілігіне байланысты кідіріп жатыр.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.