12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кассациялық сот туралы

Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта қараудың бірыңғай қағидалары бар үш дербес кассациялық сот құрылды. Ал, Жоғарғы сот органы қадағалауды және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуде.
Кассациялық сотқа істер алдын ала қараусыз үш судьядан тұратын алқаға тікелей түсетін болады.

Тәуелсіз кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша Астанада ғана құрылды.

Кассациялық сотқа соттың қаулысына қанағаттанбаған тараптар аппеляциялық алқадан кейін шағымдана алады. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

Кассациялық сот — сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, төменгі органдар шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі болмақ.
Бүгінгі күні әкімшілік істер экстерриториялдық соттылық арқылы талап қоюшының арызы негізінде қаралуда. Аты айтып тұрғандай, экс-аумақтық, бұл дегеніміз – істі өзге өңірдің соты қарайды. Мысалы, Астана сотында қаралуы тиіс әкімшілік іс басқа қаланың сот қарауына жіберіледі.

Экс ауматтық сот бұған дейін азаматтық істе болған. Енді әкімшілік істе де енгізіледі. Сот жүйесіне мұндай жаңашылдықты енгізу халық үшін тиімділігі зор. Себебі, әкімдікпен соттасатын қарапайым тұрғындардың құқығын қорғауға тағы да септігін тигізеді. Тараптар, шағымданушы сот пен жергілікті биліктің арасында ымыраластық бар деп күдіктенсе, істі басқа қаланың сотының қарауына жібере алады. Аймақты арнайы жүйе автоматты түрде өзі таңдайды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы А.Ысқақова

Договор банковского счета 

Так, в соответствии со ст. 33 Закона РК «О...

В Агентстве по делам государственной службы подведены итоги работы за 2025 год

Сегодня в Агентстве по делам государственной службы состоялось расширенное...

В ритме возможностей и прогресса

СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО УКРЕПЛЯЕТ ПОЗИЦИИ ОДНОГО...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2025 жылдың жұмысын қорытындылады

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2025 жылдың нәтижелері бойынша...

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...