Елімізде орташа жалақы өсуі мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжатқа сенсек, үш жылдан кейін қазақстандықтар айтарлықтай көп табыс табады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2028 жылға қарай бір қызметкердің орташа айлық табысы 604 963 теңгеге жетуі мүмкін. 2025 жылы бұл көрсеткіш — 423 133 теңге.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми болжамына сүйенсек, Қазақстандағы орташа жалақы мынадай болады:

  • 2025 жылы — 423 133 теңге;
  • 2026 жылы — 500 890 теңге;
  • 2027 жылы — 554 154 теңге;
  • 2028 жылы — 604 963 теңге.

Нақты жалақы өсімі (инфляцияны есептегенде) төмен болжанған: 2026 жылы 7,6 пайыз өсім, ал 2027-2028 жылдары шамамен 3 пайыз.

Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады: 85 000 теңге. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі: 2025 жылы 46 228 теңге болса, 2028 жылға қарай 57 405 теңгеге дейін өседі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.