Алматы іргесіндегі су қоймасы мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
2017 жылы «Ворошиловское» су қоймасы 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға жеке кәсіпкерге берілген. 2021 жылы жеке кәсіпкер қайтыс болғаннан кейін су қоймасын басқару құқығы қосымша келісім негізінде мұрагер ретінде оның жесіріне өткен.
Алайда басқару келісімі мен бизнес жоспар талаптары нашар орындалуы, тиісті бақылау болмауы және тиімсіз басқару салдарынан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекет меншігіне едәуір шығын келтірген. Үлкен аумақтар суарусыз қалған.
Әйел Қаржы басқармасының шағымдарына дұрыс жауап бермегендіктен, басқарма сотқа талап-арызбен жүгініп, шарттарды жарамсыз деп тануды талап еткен.
Сот шешімі
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарап, бұл жағдайлар сенімгерлік басқару шартын бұзуға негіз екеніне келіскен.
Нәтижесінде сот жесір әйелді су қоймасын коммуналдық меншікке қайтаруға міндеттеді.