Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері қанша?

Бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға өскен.

Бала тууға байланысты биылғы жәрдемақы мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға — 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға — 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын мына мөлшерде жәрдемақы төленеді:

  • бірінші балаға — 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға — 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға — 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға — 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Еске салайық, бұған дейін көпбалалы отбасылар қанша теңге жәрдемақы алатыны хабарланды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.