Салық салу объектілерін айқындауда жанама әдісті қолдану туралы бұйрық жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Құжат жаңа Салық кодексінің (173-баптың 5-тармағы) ережелерін іске асыру мақсатында әзірленді және салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған.

     Жоба салық салу объектілерін айқындаудың жанама әдісін қолдану тетігін көздейді. Ол салық төлеуші есеп жүргізу тәртібін бұзған жағдайларда,сондай-ақ есеп құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарымен қолданылатын болады. Бұдан бөлек, бұл әдіс жеке тұлғалардың кірісін неғұрлым объективті айқындауға мүмкіндік береді.

     Жанама әдістің мәні – бастапқы құжаттар болмаған немесе бұрмаланған жағдайда салық органдары баламалы ақпарат көздерін пайдаланатынында. Салық салу базасын есептеу үшін салық төлеушінің активтері мен мүлкі, міндеттемелері, айналымдары, кірістері, шығындары мен жұмсаулары жөніндегі деректер қолданылуы мүмкін. Мұндай әдіс ауытқушылықты анықтап, субъектінің нақты қаржылық жағдайы туралы шынайырақ көрініс алуға мүмкіндік береді.

     Жанама әдісті қолдану бірқатар міндеттерді шешеді:
    •    салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттырады;
    •    декларацияларда мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді;
    •    салықтық тәуекелдерді қашықтан мониторингілеуге мүмкіндік береді;
    •    салық төлеуден жалтарудың алдын алуға ықпал етеді;
    •    салық салудың әділдік қағидатын нығайтады.

      Ақырында, бұл көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға және бизнесті жүргізудің неғұрлым адал жағдайларын қалыптастыруға алып келеді.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...