Ақша аударымдарына бақылау күшейеді: не білу керек?

Банктер салық органдарына қазақстандықтардың шоттары және олардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты беріп отырады. Қаржы министрлігі тиісті ережелерді реттейтін бұйрық жобасын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжатта салық органына есеп берудің жаңа үлгісі 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа Салық кодексі шеңберінде пайда болғаны айтылған. Бұйрық жобасының өзі биыл 29 қыркүйекке дейін талқыланбақ.

Банктер салық органының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мына деректерді ұсынуға міндетті:

  • Белгілі бір адамның банк шоттары бар-жоғы;
  • Осы шоттардың нөмірлері;
  • Оларда қанша ақша қалғаны және ақша айналымы.

«Бұл тек кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғаларға қатысты. Банктердің алдында мұндай міндет 2018 жылдан бері бар. Бұл жаңа ереже емес», — деп түсіндірді Қаржы министрлігі Tengrinews.kz-ке жауабында.

Бұл не үшін қажет?

Қаржы министрлігі мәліметінше, өзгерістің мақсаты — жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды берілген декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салып, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енетіні хабарланды. Биыл үш ай үшін 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.