Елімізде ақылы жолдарда жүру ережесі өзгерді

Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда төлем ережелері өзгерді. Қазір елімізде 27 ақылы жол бар.

«Ақылы жолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған учаске болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлем алынбайды. Мысалы ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақау жойылғанға дейін жүргізушілер 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді», — деп жазылған хабарламада.

Әр жүргізуші ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, хабарлай алады. Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар ақылы жолдарға қолданылады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.