12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ – АДАМ»

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жаңа жолдауын жариялады. Осы орайда Президент Парламенттің ауқымды реформаларға қосқан үлесі үшін өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ депутаттардың қоғамға қажетті заңдарды қабылдап жатқанын да тілге тиек етті. Мемлекет басшысының арнайы назар аударып, жұмысымызға жоғары баға беруі заң шығару ісінде қарқынымызды одан ары арттыруға құлшындыра түседі деп ойлаймын.

Биылғы жолдаудың салмағы да, ауқымы да бөлек болды. Президент маңызды бастамалар көтерді. Соның ішінде келесі мəселелерге тоқталып өткім келеді. Бірінші. Жаппай цифрландыру мен барлық салада жасанды интеллектті қолдану идеясы осы жолғы жолдаудың өзегіне айналғанын атап өткен жөн. Президент стратегиялық мақсат қойып отыр. Ол – Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру. Осы орайда саланы реттеу үшін нақты заңнамалық тетіктер қажет. Бұл ретте, Цифрлық кодекс пен «Жасанды интеллект туралы» заң ерекше рөл атқаруға тиіс. Қазір олар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Екінші. Жылдам өзгеріп жатқан технологиялар мен жаңа экономикалық жағдайда Мемлекет басшысы алдымызға банктер туралы заңнаманы жаңарту міндетін қойды. Бүгін біз банктер жəне банктік қызмет туралы заң жобасын жұмысқа аламыз. Қолданыстағы заңға отыз жыл толды. Сондықтан ол жаңартуды қажет етіп отыр. Жаңа заң қаржы секторын икемді əрі инновацияларға ашық ете түсуі керек. Финтех – компанияларды қолдаумен қатар, қарапайым азаматтардың мүддесін қамтамасыз етуге де жол ашады. Жұмыс тобы барлық мүдделі тараптардың пікірін тыңдап, жан-жақты талқылағаны жөн. Жалпы, бұл заңды да жыл соңына дейін қабылдауға тиіспіз. Үшінші. Alatau City қаласы үшін құқықтық негіз қалыптастыру. Бұл қадам – технологиялық бағыттағы бастамалардың заңды жалғасы. Президент оған еліміздің болашақ іскерлік жəне инновация орталығы ретінде ерекше мəн беріп отыр. Ол өңірдегі ең алғашқы толыққанды цифрлық қалаға айналмақ. Осы бастаманы іске асыру үшін қаланың арнайы мəртебесі туралы жеке заң қабылдаймыз. Технология лардың қанат жаюына ғана емес, адамдардың жайлы өміріне де жол ашатын қажетті құқықтық негіз жасау – біздің басты міндетіміз. Төртінші. Цифрлық даму қарқын алып отырған қазіргі кезеңде біз киберқауіпсіздік мəселесіне де айрықша назар аударуға тиіспіз. Бұл мəселе осыған дейін де депутаттар тарапынан талай рет көтерілген болатын. Бірқатар норма қабылданды. Əйтсе де, жаңа сын-қатерлер арта түсуде. Сондықтан Президент осыған ерекше мəн берді. Бізге алдын ала тиімді тетіктер ойластырып, жаңа заңнамалық ұсыныстар дайын дау қажет. Бесінші. Мемлекет басшысы Еуразиялық сауда-саттық аясында отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғау жөнінде нақты міндет қойды. Ол заңнамалық бастамалар арқылы шешімін табуы керек. Алтыншы. Жер мəселелерін ретке келтіру бойынша «Жер аманаты» комиссиясы үлкен жұмыс атқаруда. Оған депутаттар да белсене атсалысып жүр. Жалпы көлемі 13,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Президент айтқандай, сол жерлер бос қалмай, тұрақты айналымға енгізіліп, ел игілігіне қызмет етуге тиіс. Бұл қадам ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, инвестиция тартуға жол ашады. Сонымен бірге жайылым мəселесін шешіп, ауыл тұрғындарын қолдауға мүмкіндік береді. Жетінші. Тағы бір маңызды міндет – жыл соңына дейін Құрылыс кодексін қабылдау. Заң жобасы кеңінен талқыланды. Аспектілердің барлығы Құрылыс кодексінің жобасында ескерілуге тиіс. Жалпы, бұл жолғы жолдау Президентіміздің «барлық реформаның өзегі – адам» деген басты қағидатты үздіксіз ұстанып келе жатқанын тағы да дəлелдеді. Елімізде атқарылып жатқан игі істердің барлығы халық үшін жəне халықпен бірге жасалып жатыр. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы. Осы ретте, жолдауда еліміз үшін тағы бір маңызды реформаны қолға алу ұсынылды. Ол – Парламенттік реформа. Яғни, болашақта бір палаталы Парламент жүйесіне көшу. Мұны да халықпен бірге талқылап шешу қажет деді. Мемлекетіміздің болашағына қатысты тағдыршешті мəселенің бəрі халықтың талқысына салынып, шешім қабылдауды халықтың өзіне беру – Президентке тəн ашық басқару стилі. Бұл азаматтардың пікірін құрметтеу жəне жаңа саяси мəдениет қалыптасқанын көрсетеді. Президент жүктеген міндеттерді іске асыру үшін əр депутаттың, əр фракцияның табанды еңбегі мен қажырлы қызметі қажет. Біз біртұтас депутаттық корпус ретінде жолдауда жариялаған барлық бастамалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ете алатынымызға сенімдімін.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР Парламенті Мəжілісінің төрағасы

ЕЛДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ – 85 МЫҢ ТЕҢГЕ

Елімізде ең төменгі жалақының көлемі аз. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша оның мөлшері халықтың нақты тұтынушылық шығындарын жабатындай, яғни, медиандық жалақының кемінде 50 пайызына тең болу керек. Нақтырақ айтқанда кемінде 150 мың теңгеге жетуі тиіс.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады.

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

На пути к цифровому будущему: взвешивая возможности и риски

ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА С АКЦЕНТОМ НА УСКОРЕННУЮ ЦИФРОВИЗАЦИЮ И ВНЕДРЕНИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА (ИИ) ЗАДАЕТ АМБИЦИОЗНЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ НАЦИИ. ЭТОТ КУРС НЕСЕТ В СЕБЕ БОЛЬШОЙ ПОТЕНЦИАЛ ДЛЯ ТРАНСФОРМАЦИИ ЭКОНОМИКИ И ОБЩЕСТВА.

ОХРАНА КОНЦЕРТОВ – НЕ ФУНКЦИИ МВД

НА ПЛЕНАРНОМ ЗАСЕДАНИИ МАЖИЛИСА ПАРЛАМЕНТА ЗАТРОНУТ ВОПРОС ГРАНИЦ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ НА ЧАСТНЫХ МАССОВЫХ МЕРОПРИЯТИЯХ. ДЕПУТАТ ОТ ФРАКЦИИ ПАРТИИ «RESPUBLICA» ОЛЖАС КУСПЕКОВ ВЫСТУПИЛ С ЖЕСТКОЙ КРИТИКОЙ ПРАКТИКИ МАССОВОГО ПРИВЛЕЧЕНИЯ СОТРУДНИКОВ ПОЛИЦИИ К ОБЕСПЕЧЕНИЮ ПРАВОПОРЯДКА НА КОММЕРЧЕСКИХ КОНЦЕРТАХ И СПОРТИВНЫХ ШОУ.