Бекет атаға бара жатқан: Маңғыстаудағы жантүршігерлік жол апаты туралы не белгілі?

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен жедел штаб құрылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

«Министр қылмыстық істің тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазір тергеу аясында жүргізушінің іс-қимылы, көліктің техникалық жағдайы, маршрут және тасымалдау шарттары тексеріліп жатыр», — деді ІІМ ресми өкілі — департамент бастығы Шыңғыс Әлекешев.

ІІМ мәліметінше, жолаушылар қасиетті Бекет атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы — Қазақстан азаматтары, әртүрлі өңірден келген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Жүргізушілерді жолда қауіпті жағдай тудырмас үшін шаршаған күйде рөлге отырмауға, көлікке артық жүк салмауға шақырамыз. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін», — деді Шыңғыс Әлекешев.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.