Қазақстанда балалардың әл-ауқаты деңгейі зерттелді: жасөспірімдердің 85%-ы өз өміріне қанағаттанады, құқықтық қорғалу деңгейі 90%-дан жоғары

🔸 Елімізде Балалардың әл-ауқаты индексінің қорытындылары аясында ауқымды әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сауалнамаға балалар, ата-аналар және педагогтер қатысты.

*️⃣ Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, балалардың құқықтық қорғалуының орташа деңгейі 90,3%-ды құрады. Бұл олардың өз құқықтары туралы хабардарлығы жоғары екенін және өздерін қорғау тетіктерін қолдана алатынын көрсетеді.
Алдыңғы қатардан Қостанай облысы (94,5%), Маңғыстау облысы (93,5%) және Қызылорда облысы (93,1%) көрінді.

❗️Маңызды көрсеткіштердің бірі – жасөспірімдердің өз өміріне қанағаттану деңгейі. Орта есеппен 10–18 жастағы балалардың 85%-ы өзінің әлеуметтік және психологиялық жағдайын оң бағалаған. Бұл бағытта ең жоғары нәтиже Қостанай облысында (90,1%), Шымкент қаласында (88,7%) және Қызылорда облысында (88,5%) тіркелді.

📌 Зерттеу барысында отбасы ішіндегі сенім деңгейіне ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде жасөспірімдердің 90,4%-ы ата-анасымен ашық сөйлесіп, ой-пікірін бөлісе алатынын көрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау облысында (97,5%), Астана қаласында (95,3%) және Қостанай облысында (94,7%) байқалды.

⚜️ «Балалар әл-ауқаты индексі – баланың денсаулығы, білімі, отбасы және әлеуметтік ортасын қамтитын маңызды көрсеткіш. Біздің мақсатымыз – ең алдымен балалардың өз үнін есту. Зерттеу нәтижелері олардың өздерін қауіпсіз сезінетінін, ата-анасымен жақсы қарым-қатынасын және болашағына сеніммен қарайтынын көрсетіп отыр», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

🔗 Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқаты индексі тұрақты өсім көрсетіп, орташа республикалық көрсеткіш 2,5 пунктке артып, 58,6 балды құрады.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...