Несие алсаң жәрдемақыдан қағыласың ба? Министр түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова несиесі бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру тәртібіне қатысты бастаманы түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқыға шығарылған. Онда несие алған отбасыларға АӘК төлеу шарттары қайта қарастырылуы мүмкін екені айтылған.

Министр жобаның негізгі мәнін түсіндірді. Оның сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек қарызды жабу үшін арналмаған. Сондықтан есептеу кезінде отбасының несиеге жұмсайтын шығыны ескерілмек.

«Мәселен үш адамнан тұратын отбасы 3 миллион теңге несие рәсімдеді делік. Ай сайынғы төлем әрқайсына 300 мың теңгеден келеді. Бұл табыс кедейлік шегінен жоғары болғандықтан, оларға АӘК тағайындалмайды. Ал егер несие көлемі шағын болса, мысалы 300 мың теңге болса, керісінше табыс кедейлік шегінен төмен екенін көрсетеді. Бұл жағдайда АӘК беріледі», – деді министр.

Оның сөзінше, бұл өзгерістер ипотекаға қатысты емес. Светлана Жақыпованың айтуынша, құжат әзірге күшіне енбеген.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.