12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шымкенттегі судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім қабылдады

Шымкенттегі судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты шешім қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент сотының баспасөз қызметі мәліметінше, тексеріс материалдары Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

«Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбінұр Қарабаевқа қатысты тексеріс материалдарын Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағымдануға құқылы», — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін не белгілі?

Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Кейін судьяға қатысты тексеріс тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...