12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Отбасы –ұлттың тірегі

      Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.
     Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
      Отбасының ең маңызды қызмет­те­рінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге кел­тіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеумет­тік-мәде­ни ортаның құндылығын қабылдат­тыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұр­пақ­қа жеткізу, бойына сіңірту, яғни бала­ларын өздерін қоршаған ор­таға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды мінде­ті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүше­лерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұры­сы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құл­дырауға ұшырауына байланыс­ты қо­ғам­­да бірқатар керітартпа әрекеттің пай­да бола бастағанын байқауға болады.                                                                                          Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғаш­қы факторы. Толық емес отбасын­да, бұл процесс отбасының қалыпты құры­лымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйен­сек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан пси­хологиялық зардап шегетіні анық­талды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан бала­лар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі бала­ны ауыр психологиялық салдарға (құ­қық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенім­сіздікке) душар етеді.Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.Қоғам ішін жегі құртша кемірген бұл мәселе қатаң шаралар қабылданып, дер кезінде шешімін таппай, осылай жалғасын таба беретін болса, өте қиын. Сон­дықтан ұлттық құндылықтарды қастер­леудің заңдық жауапкершілік нор­масын енгізу бүгінгі күннің талабы деп есептеймін.                                                                                          Біздің қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, ұр­пақ­тар сабақтастығының жалғастыру­шысы болып табылатын ұлттық құнды­лық. Шаңырақтың шайқалуы, яғни ерлі-зайып­тылардың ажырасуы – тек сол от­басы үшін моральдық зардап қана емес, ел демографиясына төнген қа­тер деп қабылдануы керек. Осы мәселе­нің заң­дылық өлшемін, қоғамдық жауап­кершілігін нақты айқындау қажет деп есептеймін.

Н.Өмірбай, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті. ...

Дербес кассациялық соттардың – сот жүйесіндегі маңызы

Кассациялық саты – бұл бірінші және апелляциялық инстанциялардан кейінгі,...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда туындайтын кез келген дау мен келіспеушілік адамдар арасындағы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының төрайымы...