«Ақпараттық ресурстық орталық»  мамандары балалар колониясында кездесуде болды

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдермен түсіндіру және кездесуі ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасында есірткі қылмысына қарсы иммунитет қалыптастырып, нашақорлықтың зиянды салдарын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесуге Алматы қаласы «Ақпараттық ресурстық орталық»  қоғамдық орталығының төрағасы Жакупов Нуржан Бауржанович және әлеуметтік қызметкер, химиялық тәуелділік жөніндегі маман Тажибаев Ерлан Бегуллаевич қатысты. Мамандар жасөспірімдерге нашақорлықтың құқықтық және әлеуметтік зардаптары жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар тәрбиелік сипаттағы диалог барысында балалар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Іс-шара бас бостандығынан айыру орнындарында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген бірлескен жоба аясында жүзеге асты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты — жастарды есірткіден алшақтатып, оларды салауатты өмірге баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу, жазасын өтеуші және босатылатын тұлғалардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеу, сондай-ақ оларды құқыққа қарсы әректерден алдын-алу үшін жүргізлген шара болып табылады

                                                          №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан      

Кассациялық сот жүйесі

Сот – мемлекеттегі заңдылық пен қауіпсіздіктің тірегі. Азаматтардың мемлекеттегі...

ЗАҢҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

24 маусым күні еліміздің судьялар қауымдастығы Судья күнін атап...

Открытость и доступность уголовного судопроизводства для граждан

В современном обществе открытость и доступность уголовного судопроизводства являются...

Аумақтан тыс соттылық: әділ соттың кепілі

​Қоғамда әділдік орнатудың басты тетіктерінің бірі – сот жүйесі....

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының...