Президенттің жолдауы: мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуға тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

Мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:

  • 15 қарашаға дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізіп, отандық стартаптардың шешімдерін енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
  • 1 желтоқсаннан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.