Депутат Алматыда электрсамокатқа уақытша тыйым салуды ұсынды

Алматы Мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Бейбіт Құсайыновтың сөзінше, Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста электрсамокаттар, мопедтер және электрбайктарға қатысты маңызды мәселе талқыланған.

«Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі жол қозғалысы ережелерін білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді», — деді ол.

Бейбіт Құсайынов қаланы жаяу аралағанды ұнататынын, бірақ жүйткіп өткен самокаттар серуен кезінде кедергі келтіретінін жеткізді.

Депутат арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша, жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша Алматы қаласында электрсамокаттарды уақытша тоқтатуды ұсынды. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы электрсамокаттарға қатысты ауқымды рейд өткізді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.