Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа министрлікті премьер-министр қызметіндегі адам басқармақ.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Президент қазір дүние жүзінде жасанды интеллект қарқынды дамуына байланысты сипаты мүлде жаңа технологиялық өзгерістер болып жатқанын атап өтті.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.