Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты – министрлік

Қазақстанда төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инфляцияға әсер ететін факторлар талқыланып, оны тежеу шараларын әзірлеу жайы сөз болды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызға жетті. Оған ақылы қызметтер қатты әсер етіп отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы орта есеппен 1 пайызға өсті. Азық-түлік инфляциясы биылғы екінші тоқсаннан бері екі есе баяулап отыр. Тамыз айында ол небәрі 0,5 пайызды құрады. Төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері алғаш рет олардың индексін 7,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

  • Тамыз айындағы инфляция — 12,2 пайыз
  • Азық-түлік емес тауар — 1%
  • Азық-түлік — 0,5 пайыз
  • Индекс — 7,8%

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.