Перизат Қайраттың артында кім тұрған? ҚМА өкілі жауап берді

Қазақстандықтар арасында ең көп талқыланған сауалдың бірі — «Перизат Қайрат мұның бәрін жалғыз өзі істеді ме?» деген сұрақ. ҚМА өкілі осы сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Перизат Қайраттың артында көлеңкелі ықпалды тұлғалар болмаған, мұның бәрін ол өзі жасаған, оның жанында тек анасы болған.

«Қорға түскен ақшаны, сайып келгенде, Перизат Қайрат пен анасы иемденді. Біз бұған дейін хабарлағанбыз: жеке үй, төрт пәтер, көліктер. Барлығы осы ақшаға сатып алынған. Қылмыстық тергеу аясында бұл ақшаның заңсыз жұмсалуына қатысы бар басқа тұлғаларды анықтаған жоқпыз», — деді Елемесов Сенат дәлізінде.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. 

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.