Бақытты ел – бақытты отбасыдан құралады

Биылғы 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Наурызбай ауданы аумағында отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акциясы өткізілуде.  

Акция аясында Наурызбай ауданының ОТЗЗҚКБ инспекторлары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық буклеттер таратылып жатыр. Сондай-ақ, инспекторлар тұрғындардың заң аясындағы сұрақтарына жан-жақты жауап беруде. Бұған қоса азаматтардыңқұқықтық білім-біліктерін көтеру бағытында да кеңестер берілуде.

Сонымен қатар, отбасы құндылықтарын насихаттау және идеалды отбасы моделін қалыптастыру үшін тәрбиелік мәнге ие әртүрлі іс-шаралар
 ұйымдастырылып, оның барысында отбасы ішіндегі сыйластық пен өзара қолдаудың маңыздылығын талқылау мәселесі де назардан тыс қалмауда.

Кімде-кім отбасында орын алған зорлық- зомбылықтық құрбаны немесе сондай жағдайдың куәгері болса үнсіз қалмауын сұраймыз. Үнсіздік Сіздің немесе басқа адамның өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін. 

Мұндай жағдайда  жедел түрде полиция қызметінің – 102,
 сенім телефоны – 150, Наурызбай ауданы ПБ ОТЗЗҚКБ сенім телефоны 8-727 — 254 — 49- 48нөмерлеріне міндетті түрде хабарласыңыздар. Өзіміздің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарайық. Әрбір бақытты отбасы – бақытты елдің негізін қалайды.

Айнұр Маратқызы,

Наурызбай аудандық полиция басқармасының

отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы

күрес бөлімшесінің аға инспекторы

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...