12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Халықаралық еріктілер жылы атап өтіледі

2023 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йоркта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен Орнықты даму мақсатында Халықаралық еріктілер жылы деп жариялаған қарарды қабылдаған еді. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен 2020 жылы Бас Ассамблеяның 75-сессиясының жалпы саяси пікірталастары барысында көтерген болатын. Қазақстан бұл қарарды пікірлес – Армения, Боливия, Германия, Кения және Кирибати аралдық мемлекетімен бірлесіп ұсынды. Соның нәтижесінеде бұл құжаттың теңавторлығына БҰҰ-ға мүше 54 мемлекет қосылды.

Халықаралық жыл аясындағы іс-шаралар волонтерлік қозғалысқа ұлттық, аймақтық жəне жаһандық деңгейде қуатты серпін беріп, еріктілер қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтас тықты нығайтуға жəне оны одан əрі дамытудың негізгі векторларын айқындауға үлес қосатын болады. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда 2019 жыл – Жастар жылы, 2020 жыл – Еріктілер жылы болып жарияланған болатын. Сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамытудың жол картасы қабылданды. Ал 2023 жылы 20-21 шілдеде Астанада Мемлекет басшысының, БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдерінің жəне əлемнің 30-дан астам елінен келген волонтерлердің қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы ұйымдастырылды. 2016 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Волонтерлік қызмет туралы» заң бойынша волонтерлік қызмет – өтеу сіз негізде жүзеге асырылатын, əлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық жəне жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар. Волонтерлік қызметтің негізгі түрлеріне əлеуметтік көмек, халықтың əлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға көмек көрсетуге қатысу; дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік жəне басқа да апаттар, əлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылық құрбандарына, босқындарға жəне шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу кіреді. Осы ерікті шараларға жастардың ынта танытатыны қуантады. Бұл – Қазақстан жастарының жақсылыққа, жақсы істер жасауға құмар екенін көрсетсе керек.

Қ.ЕРМЕКОВА

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....