12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Орталық Азия желісі іске қосылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты жақында SDG прогресін ынталандыру үшін Қазақстанда Орталық Азияға арналған жаңа Елдік желісін іске қосты. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанға қызмет көрсетеді. Нақты айтқанда аймақтағы 140-тан астам қатысушы компанияны әлемдегі ең ірі корпоративтік тұрақтылық бастамасымен байланыстырып, оларды тұрақты бизнес тәжірибесін ілгерілету және Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келтіру үшін қажетті құралдармен, ресурстармен және негізбен жабдықтайды.

«Орталық Азия Еуропа, Азия жəне Таяу Шығыс арасындағы стратегиялық тоғысқан жерде орналасқан жəне жылдам экономикалық-саяси трансформация кезеңіне аяқ басып отыр. Осы жерде Елдік желіні іске қосу арқылы біз серпінді дəлізге жауапты инвестициялар мен тұрақтылықты бекітеміз жəне жасыл өсуді ынталандыру, ашықтықты жақсарту жəне əлеуметтік келісімді нығайту үшін аймақтың пайдаланылмаған жеке сектор əлеуетін пайдаланамыз», – дейді БҰҰ Жаһандық шартының бас директоры жəне атқарушы директоры Санда Оджиамбо. БҰҰ Жаһандық шарты Орталық Азия желісінің атқарушы директоры Динара Сейжапарованың айтуынша, осы маңызды сəтте Орталық Азиядағы бизнес тұрақтылық бойынша өздерінің күн тəртібін белгілеу үшін бірінші кезектегі артықшылықты пайдалану керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты Орталық Азиядағы үкіметті, бизнесті жəне азаматтық қоғамды сенім орнату, трансшекаралық серіктестікті нығайту жəне SDG үшін миллиардтаған инвестицияны ашу үшін жинайды. Бұл экономикалық өсудің əлеуметтік инклюзиямен жəне қоршаған ортаға төзімділікпен қатар жүруін қамтамасыз етеді. 20 мыңнан астам қатысушы компаниялары, 5 Аймақтық хабтары, 85 елді қамтитын 64 Елдік желі жəне басқа 16 елде желілер құратын 9 Елдік менеджері бар БҰҰ Жаһандық шарты əлемдегі ең ірі корпоративтік тұрақтылық бастамасы болып табылады. Оның мақсаты – он қағидатты қолдау жəне өзгерістерге мүмкіндік ұсынатын есеп беретін компаниялар мен экожүйелер арқылы SDG жеткізіп бизнестің жаһандық ұжымдық əсерін жеделдету жəне масштабтау. Бизнеске арналған SDG деген кезде ол Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекет үшін 2015 жылдың қыркүйегінде қабылданған жақсы болашаққа қол жеткізу жоспарымен түсіндіріледі. Онда келесі 15 жылда төтенше кедейлікті жою, теңсіздік пен əділетсіздікпен күресу жəне планетамызды қорғау жолы белгіленген болатын. Бұл амбицияларды орындау қоғамның барлық секторларының теңдессіз күш-жігерін талап етеді жəне бизнес бұл процесте өте маңызды рөл атқаруы керек. БҰҰ Жаһандық шартының он қағидасы мыналардан алынған: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; Халықаралық еңбек ұйымының негізгі принциптері мен еңбек құқықтары туралы декларациясы; Қоршаған орта жəне даму жөніндегі Рио декларациясы жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы. 10 қағидаттың екеуі адам құқықтарына, төртеуі еңбекке, үшеуі қоршаған ортаға, біреуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты. Атап айтқанда: 1) Бизнес халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауы жəне құрметтеуі керек; 2) Олардың адам құқықтарын бұзуға қатысы жоқтығына көз жеткізу; 3) Бизнес бірлестіктер бостандығын жəне ұжымдық келіссөздер құқығын тиімді тануды қолдауы керек; 4) Мəжбүрлі жəне міндетті еңбектің барлық түрлерін жою; 5) Балалар еңбегін тиімді жою; 6) Жұмысқа жəне кəсіпке қатысты кемсітушілікке жол бермеу; 7) Кəсіпорындар қоршаған ортаны қорғау мəселелеріне қатысты сақтық шараларын қолдауы керек; 8) Қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін арттыру үшін бастамаларды қолға алу; 9) Экологиялық таза технологиялардың дамуы мен таралуын ынталандыру; 10) Бизнес бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, оның барлық нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуі керек. Жалпы Орталық Азия елдері желісі БҰҰ Жаһандық шартының 64-ші жəне ал биыл ашылған алғашқы Елдік желісі. Былтыр мұндай екі желі ашылған болатын.

Қ.ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

В Кербулакской районной больнице впервые проведены высокотехнологичные операции для женщин

Кербулакская центральная районная больница сделала значимый шаг в развитии...

Сотрудники учреждения помогли собрать в школу дочь покойного ветерана УИС

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности проявили благородную...

Абай облысында мекеме қызметкерлері марқұм болған ҚАЖ ардагерінің қызын мектепке жинады

Абай облысында қауіпсіздігі төмен мекемесінің қызметкерлері игі бастама көтеріп,...

Архив туралы ереже

Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы 6001-23-7-4/129 өкімімен...

5 қыркүйек күні – Қазақстан халқының Тілдер күні

          Қазақстан Республикасы – көпэтносты, көптілді мемлекет. Ел аумағында 130-дан...