12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЕЛДІК МҮДДЕ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДАН БАСТАЛАДЫ

Тәу еткен басты құндылығымыз – елдің экологиялық тұрақтылығында, табиғи байлығының көздің қарашығындай сақталуында, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыра алар өміршең экожүйе тазалығында десек қателеспейміз.

Ақмола облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, табиғатты қорғау саласында айтарлықтай нəтижелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Бұл қызмет – тек экологиялық мəселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықтың ажырамас бөлшегі. Өйткені, табиғи ресурстарды сақтай алмаған елдің болашағы да бұлыңғыр. Мəселен биыл инспекция қызметкерлері браконьерлік пен жануарлар дүниесін заңсыз пайдалануға қарсы тиісті жоспармен бекітілген жүйелі іс-қимылға кірісті. Нəтижесінде жыл басынан бері 15 əкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Бұл деректердің астарында табиғатқа жасалған аса ауыр қиянат қана емес, заңды менсінбеу, ел байлығына сұғына қол сұғу жатыр. Сондықтан əр іс заң аясында қатаң қаралады. Заңды белден басып өрескел əрекет жасағандар сабасына түсіріліп, жоғарыда аталған төрт жағдай бойынша Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143-бабы 1-бөлігі бойынша жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын бұзғандар жауапқа тартылды.

АҢШЫЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАСЫН АЛДЫ

Алғашқы іс бойынша заңды бұзғандар жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатын беру жəне пайдалану тəртібін бұзғаны үшін Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 390-бабы 2-бөлігіне сəйкес жазаға тартылған. Сондай-ақ, заңсыз түрде тасбақа ұстаған, қасқырдың күшігін иемденген, табиғат еркесі – елікті еріксіз ұстағандар заң алдында жауап беруге мəжбүр болды. Аталған əкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 176 340 теңге, оның 137 020 теңгесі толықтай өндірілген. Ал табиғатқа келтірілген залал мөлшері 176 940 теңгені құрап, ол да толығымен өтелгені мəлім болды. Ең маңыздысы – жыл басынан бері ғана инспекция қызметкерлері 308 рейдтік шара өткізіп, браконьерлер жолын кесті. Бұл рейдтер – жай формальді тексеріс емес, түнгі жортуылдар мен алыс ауыл-аймақтарды қамтитын нақты операция екенін атап өткен жөн. Мұндай жұмысқа жергілікті ерікті топтар мен «Байтақ» партиясы белсенділері де атсалысып, экологиялық мəдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Биыл Ақмола облысында браконьерлікке қатысты алты қылмыстық іс қозғалған. Оның бесеуі Қылмыстық кодекстің 337-бабы, яғни заңсыз аңшылық фактісі бойынша болса, біреуі – 339-бап (жабайы жануарларды заңсыз ұстау) бойынша құзырлы органның тіркеуіне алынды. Екі іс тергеу сатысында тоқтатылғанымен, үш іс бойынша тергеу күні бүгінге дейін жалғасып отыр. Сонымен қатар аумақтық инспекцияның тегеурінді əрі жүйелі жұмысының нəтижесінде бір іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл – браконьерлікпен айналысқандарға берілетін жазаның жеңіл болмайтынының айқын көрінісі.

ОРМАН – ҰЛТТЫҢ ЖАСЫЛ ҚОРҒАНЫ

Табиғатты қорғау тек аң-құсқа ғана қатысты емес. Аң-құсқа пана болған орман да экожүйенің тынысы, елдің жасыл қалқаны десек артық айтқандық болмас. Дегенмен, жасыл желекті жайратып, қалың ағаштың тек түбірін ғана қалдырып кесіп алып кетіп жатқандардың да қатары азаймай тұр. Мəселен тек биылғы жылдың өзінде Ақмола өңірінде ағаш кесуге қатысты заңсыз 9 дерек тіркелген. Жалпы кесілген ағаш көлемі – 97,72 м³ құрап, залал мөлшері – 883 312 теңгеге жетіп жығылды. – Жыл басынан бері өңірде орман жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 65 мəрте тексеріс жүргізілген. Олардың 33-і – жоспардан тыс болса, 32-сі – жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Жүргізілген тексерістер нəтижесінде 81 əкімшілік іс қозғалып, 4 063 700 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бүгінде аталған айыппұлдың бəрі өндіріп алынды, – дейді Ақмола облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов. P.S. Браконьерлік пен заңсыз ағаш кесу – тек экономикалық шығын ғана емес, ұрпақтың табиғи мұрасын кеміту. Мемлекетіміздің «Жасыл Қазақстан» саясатының да түпкі мəні – осы. Табиғатты сақтауға жұмсалған əр күш – болашақтың кепілі. Ендеше, табиғатты қорғау тек заң талабы ғана емес, əрбір азаматтың жүрек қалауынан туатын азаматтық борышы екенін естен шығармасақ дейміз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Қазақстандық айтыскер ақындар жаңа Конституция жобасына қолдауын жыр арқылы...

ҚСЗИ-де жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтарын талқылады

27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер...

Раскрыть научный потенциал

УСТОЙЧИВЫЕ МЕХАНИЗМЫ НАУЧНОТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ СЕВЕРОКАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БЫЛИ ОБСУЖДЕНЫ НА...

Экология и безопасность

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ПЯТЬ ЛЕТ КОСТАНАЙСКАЯ ОБЛАСТЬ ДЕМОНСТРИРУЕТ ЗАМЕТНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ...

Договор банковского счета 

Так, в соответствии со ст. 33 Закона РК «О...