Қазақстан халқының тілдері күні және Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы

Қазақстан Республикасында қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының тілдері күні атап өтіледі. Бұл мереке – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерумен қатар, елімізде тұратын барлық этностардың мәдениеті мен тілдерін құрметтеуге арналған. Тіл – халықтың тарихы мен тағдырының айнасы, ұлттың болмысы мен рухани қазынасының негізі.

Қазақ тілінің тағдырын тереңнен түсініп, оның дамуына бар ғұмырын арнаған біртуар тұлғалардың бірі – Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында сауаттылықты арттыруға, тіл ғылымын дамытуға, ұлттық баспасөзді қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірді.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері қазақ тіл білімінің іргетасын қалады. Ол жасаған әліпби мен оқулықтар қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына жол ашты. Сонымен қатар, оның “Әдебиет танытқыш” еңбегі – қазақ әдебиеттану ғылымындағы тұңғыш жүйелі зерттеу. Байтұрсынұлы тек ғалым емес, Алаш қозғалысының белсенді қайраткері ретінде ұлт тағдырына қатысты мәселелерді көтеріп, әділдік пен теңдікті жақтады.

Сот жүйесінде қызмет атқаратын маман ретінде атап өткім келетіні – Ахмет Байтұрсынұлының әділетке деген ұмтылысы мен халық мүддесін қорғаудағы қайсарлығы бүгінгі күнге де үлгі. Әділдік – сот жүйесінің басты қағидасы, ал тілді құрметтеу – азаматтық бірліктің кепілі. Осы құндылықтар әрбір заң қызметкерінің қызметінде жетекші орын алуы тиіс.

Қазақстан халқының тілдері күні – баршамыз үшін ортақ мереке. Бұл күн бізді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы армандағандай, білімді, әділ, бір-бірінің мәдениетін құрметтейтін азамат болуға шақырады.

Қорытындылай келе, тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Ұлт ұстазы айтқандай, “тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады”. Сондықтан тілімізді қорғау, дамыту, оны қастерлеу – әрбіріміздің қасиетті борышымыз.

Қызылорда қаласының әкімшілік 

құқық бұзушылықтар жөніндегі 

мамандандырылған сотының 

жетекші маманы Л.Әбдуәли 

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...