Бірліктің берік тұғыры

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

1995 жылы қабылданған Конституция – мемлекетіміздің құқықтық негізі, тəуелсіздігіміздің тірегі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі. Ата Заң – еліміздің демократиялық дамуының жолын айқындап, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік тұғырына айналды.

Сот жүйесі үшін Конституция – əділдіктің, заң үстемдігінің жəне тəуелсіз сот билігінің басты қағидаттарын бекіткен тарихи құжат. Бұл қағидаттар сот қызметінің негізін құрайды жəне азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Осы мерейтой аясында еліміздің əр азаматы Конституцияны қадірлеп, оның рухын күнделікті өмірде берік ұстануға тиісті деп санаймын. Бұл – тұрақты даму мен өркендеудің басты кепілі. Баршаңыз ға бейбіт өмір, амандық, бірлік пен береке тілеймін! Еліміз өркендеп, Конституциямыз мəңгі жасай берсін!

Ерден ƏРІПОВ, Қарағанды облыстық сотының төрағасы

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.