12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім мен тәжірибені ұштастыраған абзал

Негізі газет, кітап оқығаннан ұтпасақ ұтылмаймыз. Себебі, көру органы арқылы көптеген құндылықтар ми қатпарларына жазылып қалатыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген. Қарапайым ғана бір мысал сот процестеріне дайындалып отырғанда, процесті жүргізу, шешім шығару кезінде де сол құндылықтар қажеттілікті өтеп, адам санасын жаңғыртатыны тағы бар. Дей отырып, саламызға ойыссақ, «ҚР Сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы» заңының 39-бабында « Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi:  «Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін» деп нақтыланған. Сондықтан біз заңнама шеңберінен шықпай әрекет етуге қалыптасқанбыз.Әрине, адами құндылық тармақтары болып саналатын адамгершілік,мейірімділік, жанашырлық жүрек түкпірінде тұрады. Нәтижесінде заң талаптары бұзылмай әділ шешім шығарылады. Әділ шешім шығару үшін судья уақытпен санаспай кеңседегі тыныштықты пайдалану үшін сағаттап қағаз қопарып отыратын сырт ел біле бермес, ал әріптестерімізге бұл жаңалық емес. Себебі, өздері де сол жұмыс тәсіліне қалыптасқан.

Талап арыздарды оқып отырғанда азаматтардың құқықтық сауатсыздығы бадырайа көрініп тұрады. Азаматтық кодекстің  9-бабы, 5-тармағында  «Мемлекеттiк өкiмет билiгi органының, өзге де мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi (әрекетсiздiгi) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс» деп анық жазылған. Тарқатып айтсам, тұлғаға берілген заңды құжатының сыртынан жергілікті әкімшілік орган тағы бір адамға кадастрлық номерін жаза отырып, мемлекеттік акт жазып береді. Сосын « сіздің жер теліміңіз қызыл сызықта тұр» деп отырады. Құқығы бұзылған адам да оның қорғаушысы да қолындағы қағаз нұсқа басымдығын білмей, «бастапқы құжатты қалпына келтіру туралы» сотқа арыз бермей әуре-сарсаңға түсіп жүреді. Мұны құқықтық сауатсыздық дейді. Талап арызды қатардағы азаматтар ғана емес адвокаттар мен заң консультанттары да дұрыс жаза алмайтыны жасырын емес. Осы тұста қорғаушылар біліп, ескеретін бір мәселе сот процеіне БАҚ өкілдерін қатыстыру үшін Істі жүргізетін судьяға адвокат, заң консультанты «өтініш» немесе «талап»  жазуы керек. Сосын, қатыстыру, қатыстырмауды Судья өзі шешеді.

Әлбетте, Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады. Адвокаттың процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.

Азаматтар мен азаматшаларға, жалпы газет оқырмандарына   айта кетерөмірлік  қажеттілік түрлі мәселерді сотқа дейін медиаторлар көмегімен реттеп шешуге болады. Бұл туралы  Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» Заңының 4-бабында «медиацияны жүргізу қағидаттары дегеніміз,  «еріктілік; медиация тараптарының тең құқылығы; медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік; құпиялық» деп нақтылаңған. Шыны керек, бұл қағидатты екінің бірі біле бермейді, Тіпті, заңгерлеріміз жіті көңіл бөлмей  тығырыққа тірелгенде бірінен екіншісі сұрап жатады.

Қорыта айтқанда, әуелгі кезекте судья жауапкершілігі, сосын қарапайым қазақстандықтарға және азаматтармен тығыз байланыта заң саласында жұмыс істейтін адвокаттар мен өкілдер қажеттіліктерінен  шөкімдей ғана кеңес бердік. Керек болса пайдаланар, пайдаланбас. Рас бұл біздің функционалдық міндетімізге жатпайды.Ал адамгершілік аясында өзің білумен шектелмей білгеніңді өзге қажеттілігіне жарату бір парыз болып саналмай ма?!

Бекболат Тажмұхан

Алматы қаласы, Наурызбай аудандық сотының судьясы

Ата Заң — мемлекттің бас құжаты

Осыдан 30 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда Қазақстанның көп...

Мультимагия из «Балдаурена» 

В ПОСЕЛКЕ ШОРТАНДЫ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ДЕТСКОМ САДУ «БАЛДАУРЕН»...

Эпоха цифровизации и вызовы

ЦИФРОВИЗАЦИЯ И РАЗВИТИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА ОТКРЫВАЮТ ПЕРЕД ОБЩЕСТВОМ БОЛЬШИЕ...

На языке пластики

КОГДА В 2000 ГОДУ ПРИ АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ЦЕНТРЕ НАРОДНОГО...

Там, где поет домбра… 

В Доме дружбы г. Кокшетау теперь будет еще больше...