Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде жазғы спартакиада

Түзеу мекемесінде сотталғандар арасында көптеген қатысушыларды жинаған дәстүрлі жазғы спартакиада өтті. Іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, тәртіпті нығайту, сондай-ақ командалық рухты дамыту.
Жарыс бірнеше спорт түрлері бойынша өткізілді:кіші футбол, үстел теннисі, 100 метрге жүгіру, гір тасын көтеру, арқан тарту. Әр қатысушы өзінің спорттық қабілеттерін, сондай-ақ төзімділігін көрсете алды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорттық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін мақтауқағаздарымен және көтермелеу шараларымен марапатталды. Қатысушылардың өздері атап өткендей, олар үшін ең бастысы уақытты тиімді өткізу мүмкіндік болды.
«Мұндай іс шаралар сотталғандарды түзету және әлеуметтендіру процесінде маңызды рөл атқарады. Олардың өмірге деген оң көз қарасын қалыптастырады және өздеріне деген сенімін нығайтады»,- деп мекеме бастығы Жеңісбек Дауренбеков атап өтті.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...