ҰҚК бас дәрігер мен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысын ұстады

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігері және коммерциялық кәсіпорынның директоры ұсталды. Бұл туралы 27 тамыз, сәрсенбіде өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қылмыстық-құқықтық саясат жөніндегі қызметі мен Қостанай облысы прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобы жүргізген жедел іс-шаралар мен прокурорлық тексерудің нәтижесінде ұсталды.

26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 

Тергеудің мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.