Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде – ҚР Конституциясының 30 жылдық меркесіне орай, спортшы, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты, ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы (2003), Еуропа чемпионы Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назаров және ММ-ден әлемнің екі дүркін чемпионы Қазбек Әшім, ММ-ден әлемнің бір дүркін чемпионы Аңсар Дәулетбай және Батырбек Абылай жазалы жасөспірімдермен «Спорт- денсаулық кепілі!» деген тақырыпта кездесу өтті.
Сонмен қатар іс-шараға Алматы қаласы және Жетісу ауданының прокуратура өкілдері қатысты.
Ардақ Құттықожаұлы Назаров қазіргі күнге дейін жеткен жетістіктері, бағындырған белестері туралы әңгімеледі.Ол өмір жолын баяндай отырып, жасөспірімдерді жаман әдеттерден алыс болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамға пайдасы тиер жақсы азаматтар болып шығуларына тілектестігін білдірді.
Иә, мұндай кездесулер жазалы жасөспірімдер үшін ауадай қажет. Екіжақты диалог, пікір алмасу кеші ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Іс шара соңында, мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Нұрлан Серікұлы Керебаев мекемедегі жазалы жасөпірімдердің атынан алғыс айтып, қонақтарға алғыс хат ұсынып, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды. Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
№11 мекеме Жеңісхан Еркегүл