Әділеттің ақ жолын ардақтаған азамат

Отставкадағы құрметті судья, заң саласының ардагері, ел алдында зор беделге ие болған Абулғазин Айдар Есімжанұлы 60 жасқа толып отыр. Бұл – өмірдің үлкен белесі, мағыналы ғұмыр мен адал еңбектің жарқын көрінісі.

Айдар Есімжанұлы – сот жүйесінде 24 жылдан астам судья лауазымында қызмет атқарған, беделі биік маман. Көптеген лайықты шәкірттер тәрбиелеген тұлға.

1986 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын да сол жылы Ішкі істер органдарында қызмет атқарудан бастаған. 1990 жылы Қарағанды облысының адвокаттар алқасының мүшесі болып қабылданып, адвокаттық қызметте біраз жылдар еңбек етті.

1999 жылы Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Тельман сот учаскесінің судьясы болып тағайындалды. 2004 жылы Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, 2010-2017 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы, 2017-2024 жылдары Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарды.

Айдар Есімжанұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, облыстық сот төрағасының құрмет грамоталарымен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған.

Ол әрдайым осы талаптарды берік ұстана отырып, кәсіби шеберлігімен, байсалды мінезімен, парасатты тұлғасымен әріптестері мен халықтың құрметіне ие болды.

Айдар Есімжанұлының еңбегі жоғары бағаланып, түрлі марапаттармен атап өтілді. Дегенмен оның ең үлкен марапаты – елдің алғысы мен сенімі. Зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық істерден шет қалмай, кейінгі буынға ақыл-кеңес беріп, ел игілігіне қызмет етуді жалғастыруда.

60 жас – даналық пен парасаттың биігі. Осы мерейлі күні Айдар Есімжанұлына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шаттық тілейміз! Еліңіз бен ұрпағыңыз сіздің еңбегіңізді әрдайым мақтан тұтады.

                                           Қарағанды облыстық сотының ұжымы

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...