Қазақстанда төлқұжат алу ережелері өзгерді

Қазақстанда азаматтық алу немесе қалпына келтіру үшін емтихан тапсыруға қойылатын талаптар қайта қаралды. Ғылым және жоғары білім министрі білімді бағалау жүйесін өзгертетін жаңа бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Енді тесттен сәтті өту үшін жинау қажет ұпай саны:

  • мемлекеттік тіл бойынша – 15 балл (бұрын 36 болатын);
  • Конституция бойынша – 20 балл (бұрын – 9);
  • Қазақстан тарихы бойынша – 15 балл (өзгеріссіз).

Бұл не үшін жасалды?

Осылайша, басымдық тілден Конституция бойынша білімін тексеруге ауысты. Емтихан міндетті күйінде қалады, бірақ талаптар анағұрлым теңгерімді болды: қазақ тілінен жинайтын ұпай азайды, ал азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге көбірек мән берілді.

Жаңа ережелер қашан күшіне енеді?

Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Бұйрық Әділет министрлігінде тіркеуге жіберілді және Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында жарияланады.

Сурет: Elorda.info

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.