“Қайрат“ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды

UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» кездесіп, негізгі кезеңге өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ойында алматылықтардың бірнеше ойыншысы алаңға шықпады: көп сары қағаз алған Дастан Сәтпаев пен шабуылшы Эдмилсон қатыспады, ал жарақатынан айыққан қорғаушы Луиш Мата негізгі құрамда өнер көрсетті.

Кездесу барысында қос команда да қарқынды шабуылдады, бірақ негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмады. Пенальти сериясында «Қайрат» жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бұған дейін алматылықтар Словенияның «Олимпиясын» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС-ын (0:2, 3:0) және Словакияның «Слованын» (1:0, 0:1, пенальти 4:3) жарыстан шығарған еді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.