Кассациялық соттардың құрылуы – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі жаңа қадамы

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету және қоғамда құқық үстемдігі қағидатын орнықтыру. Осы бағытта биыл құрылған жаңа, дербес Кассациялық соттар – сот жүйесінің жаңа әрі маңызды буыны.

Кассациялық сот – төменгі сатыдағы соттардың заңды күшіне енген сот актілерін тексеретін жоғары сатыдағы сот органы. Оның басты миссиясы – құқық нормаларының дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, заңдылықтың сақталуына қатаң бақылау орнату.

Бұл сот сатысының ерекшелігі – ол істің мән-жайын қайта қарамайды, тек құқық нормаларының дұрыс қолданылғанын, заң талаптарының орындалғанын сараптайды. Осылайша, Кассациялық сот азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғап қана қоймай, сот тәжірибесінде бірізділікті қалыптастырады.

Кассациялық сотқа жүгіну тәртібі:

 — Алдымен іс апелляциялық сатыда қаралуы тиіс;

 — Кассациялық шағым не өтінішхат заңда белгіленген мерзімде берілуі қажет;

 — Қарау барысында іс бойынша жаңа дәлелдер зерттелмейді, тек құқық нормаларының қолданылуы тексеріледі.

Кассациялық соттың құрылуы – сот жүйесінің сапасын арттыруға, оның жүктемесін оңтайландыруға және әділ сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған. Бұл қадам:

 — Сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етеді;

 — Құқық қолданудағы қателіктердің алдын алады;

 — Азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтады;

 — Қазақстан сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындатады.

Кассациялық сот – еліміздегі сот төрелігінің әділдігін қамтамасыз етуде жасалып жатқан тиімді реформалардың одан әрі жалғасы іспетті. Ол заң үстемдігін орнықтыруда, азаматтардың құқықтарын қорғауда және сот жүйесінің ашықтығын арттыруда айрықша рөл атқарады. Бұл – құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды әрі тарихи қадам.

Қызылорда қалалық сотының судьясы

А.Б.Әбдіразақов

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту мәселелері

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану - бұл тақырып...

Колледж бухгалтері қаржыны талан-таражғасалғаны үшін сотталды

Көкшетау қалалық сотында қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі мөлшерде...

Тәрбиенің алтын көзі

Бала тәрбиесіндегі ең басты құрал – ата-ананың, отбасы мүшелерінің,...

Мектептегі құқықтық мәдениет

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мамандары №56 жалпы...

ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІТІМГЕРШІЛІК РӘСІМІН ҚОЛДАНУ

Медиация жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік...