2026 жылы елдегі инфляция 10 пайызға жетуі мүмкін: Үкіметтің болжамы қандай?

Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады. Негізгі көрсеткіш: 2026 жылы инфляция 10 пайызға жетуі мүмкін.

Серік Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,4%, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3% болады.

«Республикалық бюджеттің кірісі 2026 жылы 19,2 трлн теңгеге, 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр», — деді ол.

Шенеуніктің сөзінше, ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 млрд теңге мөлшерінде айқындалған.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда инфляция бойынша болжамдар қайта қаралды. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.