Қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады

Тамыздың аяғында Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Осылайша қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Конституция күні — Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін

2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан «Мерекелер туралы» заңда көзделген қағидаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек — демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін

Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз — демалыс күндері, 1 қыркүйек — жұмыс күні.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.