12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Бұл – жай ғана ресми мәртебе емес, ұлттың рухы, тарихы мен болмысы, елдің тәуелсіздігінің тұғыры.

Мемлекеттік тілдің дамуы – тек мемлекеттік деңгейдегі саясат емес, әр азаматтың жүрек түбіндегі жауапкершілігі болуға тиіс. Себебі тіл – ұлттың жаны, тілі жойылған халық – болашағынан айырылады.

Осы бағытта еліміздің сот жүйесінде де мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2025 жылдың 1-жартыжылдығында жүргізілген талдауға сәйкес:

  • Кіріс құжаттарының 76,6%-ы мемлекеттік тілде тіркелген;
  • Шығыс құжаттарының 100%-ы толық мемлекеттік тілде рәсімделуде.

Бұл – мемлекеттік тілді іс жүргізу тіліне айналдыру бағытында жасалып жатқан нақты әрі нәтижелі жұмыстың көрінісі. Сонымен қатар, істердің өзінде де қазақ тілінде қаралатын материалдар саны артып келеді.

Сот тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, басқа мемлекеттік органдармен өзара хат алмасу және іс материалдарын жолдау кезінде мемлекеттік тілді басым қолдану қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі қазақ тілі – тек тарихи-мәдени мұра емес, заманауи құқықтық кеңістіктің де тіліне айналуға тиіс. Ол үшін барлығымыз бірігіп, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуымыз қажет. Әрбір азамат қазақ тілін қолдануға ұмтылып, оны күнделікті өмірдің, жұмыс пен қызметтің негізгі құралына айналдыруы керек.

Мемлекеттік тілдің болашағы – өзіміздің қолымызда.Тілімізді қадірлейік, сөйлейік, ұрпаққа үйретейік!

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының сот отырысының хатшысы С.Айжарық

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек....

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....