Абай – мәңгілік поэзия

«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – Абай.

Қазақ халқының рухани әлемінде Абай Құнанбайұлының орны ерекше. Ол – ақын ғана емес, ойшыл, ағартушы, халықтың кемелдікке ұмтылуына жол көрсеткен дана тұлға. Абайдың жыры мен қарасөздері уақыттың сынына төтеп беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сол себепті оның шығармашылығын мәңгілік поэзия деп атауға толық негіз бар.
Абайдың өлеңдерінде адам жанына жақын, өмірлік мәнін жоғалтпайтын тақырыптар жырланды. Ол адамгершілік, имандылық, білім мен ғылым, еңбек пен өнердің қадірін айрықша жырлады. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деген жолдары – жастарға бүгін де бағдар. Ақын жалқаулықты сынап, еңбек пен ізденістің ғана адамды алға бастыратынын дәлелдеді.
Абай үшін поэзия – тек әдемі сөздер тізбегі емес, халықты оятатын, ойландыратын, рухани биікке жетелейтін күш болды. Оның әрбір өлеңі – терең ой мен үлкен жүректің жемісі.
Абайдың шығармалары қазақтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын айнадай көрсетті. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп халқының мұңын жырлап, елдің бірлігі мен тұтастығын ойлады. Бірақ ол тек қазақ үшіне емес, күллі адамзат үшін ортақ идеяларды көтерді.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиеті – оның гуманистік дүние танымын айқын көрсететін мәңгілік үндеу. Бұл ойдың құндылығы ғасырлар өтсе де өзгермейді, керісінше адамзатты бірлік пен татулыққа шақыратын күш болып қала береді.
Бүгінде Абай шығармалары көптеген тілге аударылып, әлем оқырмандарына жол тартты. Оның ой-толғамдары мен өлеңдері адамзаттың ортақ рухани қазынасына айналды. Халқымыз үшін Абай – тәлім-тәрбие мектебі, ұрпақты ұлтжандылыққа, ізгілікке, білімге жетелейтін шамшырақ.
Абайдың поэзиясы – мәңгілік. Ол – халқымыздың асыл қазынасы, ұлтты биікке жетелейтін ұлы күш. Ақынның ойлары мен жырлары бүгінгі қоғам үшін де өзекті, келешек ұрпақ үшін де құнды.
Сондықтан Абай сөзі – халық жүрегінде, Абай мұрасы – мәңгілік жасай бермек.

Жалағаш аудандық сотының
төраға міндетін атқарушы, судья А.А.Мизанбаев

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...