Қазақстан Болгарияда өткен әлем чемпионатын қалай аяқтады?

Грек-рим күресінен Самоков (Болгария) қаласында өткен U20 әлем чемпионаты аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемдік доданың соңғы күнінде екі балуанымыз бозкілемге шықты:

  • Темірлан Тұрдақын 87 келіге дейінгі салмақта қола үшін өткен белдесуде Әзербайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді.
  • Сондай-ақ, 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күресті. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ұтылды.

Осылайша әлем чемпионатында отандастарымыз төрт жүлде жеңіп алды.

Фото: United world wrestling

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.